СҚО-да экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды
«Тампиев сыбайлас жемқорлық фактісін жасырды» деген күдікке ілініп отыр. Нақтырай айтсақ, ол Петропавл ауыр машина жасау зауытның лауазымды қызметкерлерінің 45 миллион теңге көлемінде пара алғанын біле тұра, жасырып қалуға тырысқан. Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірдегі мамандары Тәмпиевті қолға түсірді. Соттың шешімімен осы іске қатысы бар деген тағы екі адам екі айға қамауға алынды.
Виктория Алпеева, экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:
-Тәмпиевті ұстау кезінде ол аталған қылмыстық іс бойынша қорғаушы болған жоқ. Яғни ешқандай адвокаттық қызмет көрсетпеген. Осыған дейін әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тараған еді. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда істің анық-қанығына көз жеткізу үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.