Жетісу облысының ТЖД қызметкерлері сақтық шараларын түсіндірді
Өткен жазда Жетісу облысында балалар 13 ғимаратты өртеп жіберген. Қасақана емес әрине. Ойыннан от шығып отыр ғой. Осының алдын алу үшін мектептерде арнайы акция өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткіншектерге өрт қауіпсіздігі мен суға түсу кезіндегі сақтық шараларын түсіндірді. Сынып сағаттарынан бөлек «Жас өрт сөндіруші» командалық жарысы ұйымдастырылды. Қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету және қорғаныш киімін кию, өрт сөндіру бойынша сынға түсті. Ал шығармашылыққа бейім жасөспірімдер тілсіз жаудан келер қауіп қатерді қағаз бетіне түсірді. Ойланбай жасаған іс-әрекеттің зардабын бейнеледі. Бұл акциядан балалар ой түйер деп үміттенеміз.
Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Балаларға сақтық ережелерін айтып түсіндіру үшін және отпен ойнаса, өз өміріне қауіп-қатер төнетінін, отбасына зор шығын келетінін ұғындыру мақсатында осы акцияны өткіздік. Әсіресе түрлі төтенше жағдай кезінде жылдам әрекет етуді үйреттік.