Экобелсенділер тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастап жатыр
Түркістан облысының экобелсенділері тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастап жатыр.
Сайрам ауданында ашылған қабылдау орнына қайта өңдеуге жарамды қоқыстың кез келген түрін өткізуге болады. Яғни шыны, пластик, алюминий шөлмектер мен полиэтилен қалта, қағаз қаптамалар да жиналады. Есесіне қоқыс қалдықтарының салмағына сәйкес картоп, қарақұмық, құмшекер мен пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауар түрлері ұсынылады. Осылайша қоғам белсенділері қоршаған ортаны таза ұстап, экологияға пайда келтіруге болады деп есептейді. Тұрғындардың қызығушылығы жоғары. Барлық қатты қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіледі.
Владислав Голярко, жоба жетекшісі:
- Біз қайта өңдеуге болатын қалдықтардың барлық түрлерін қабылдаймыз. Бекітілген бағасы бар, соған сәйкес айырбастаймыз. Ал қабылданған заттарды Шымкент, Кентау, Алматы қалаларындағы зауыттарға жөнелтеміз. Оған ешқандай кедергі жоқ. Барлығымен келісімшарт жасастық. Тек сұрыптап, сығымдаудан өткізуіміз керек.