Қостанай облысында кене шаққан адам саны артты
Осы апта ішінде 37 жаңа дерек тіркелген. Ал сәуір айының басынан бері 220-дан астам тұрғын зардап шекті. Медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі балалар болып шықты. Десе де мамандар: «Эпиджағдай тұрақты»,-дейді. Өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш өзгермеген. Кенелердің таралу маусымы басталғалы Ұлттық сараптама өкілдері профилактикалық зерттеу жүргізген. Нәтижесінде кене энцефалиті анықталмаған. Қансорғыш жәндіктерден зардап шеккендер көбейіп жатса да, өңірде кенеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілмейді. Себебі облыс эпидемдік қауіпті аумаққа жатпайды.
Гүлім Досымова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Кене энцефалиті мен өзге де қауіпті инфекциялардың таралуы тіркелген жоқ. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген екі адам иммуноглобулинді алдын алу бойынша ем алды. Екі азаматты кене Ресей аумағында болғанда шаққан. Көрші елде кене энцефалиті бойынша эпиджағдай тұрақсыз.