Атырау облысында суға түсу маусымы 15 маусымда ашылады
Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған. Бұған дейін 1 маусымда суға түсуге рұқсат берілетін. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл шомылуға арналған 27 орын әзірленеді. Қазір оның төртеуі дайын тұр. Ал суға түсуге тыйым салынған учаскелердің саны 70-ке жетіпті. Құтқарушылар суға түсу кезінде бақылаудың да күшейтілетінін айтады.
Бақыт Абланов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
- Қазір Жайықтың деңгейі 1,5-2 метрдей көтерілген. Сондықтан әзірге суға түсуге тыйым салынады. Жыл басынан бері Атырау облысында 3 адам суға кетті. Оның екеуін мамандар құтқарып үлгерді. 26 сәуірде де атыраулық қызды бір өлімнен аман алып қалды.