Қазақстан мен Қырғызстан латынға көшуге ниетті
Себебі Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің барлығында латын әліпбиі қолданылады. «Ал тілдік жақындық ынтымақтастықты тереңдетеді»,- дейді сарапшылар. Елордада Түркі академиясы мен Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Венгрия елдерінен келген тіл мамандары осы мәселелерді талқылады. Латын әліпбиіндегі түркі тілдеріне ортақ лингвистикалық заңдылықтар мен бір әріптік таңба мәселесі талқыланды. Елімізде 2017 жылдан бері бұл мәселе көтеріліп келеді. Жақында Президент бізге нақты реформа керек деген. Мамандарының айтуынша, латын әліпбиіне көшу үшін таңбалық мәселелер әлі де толық шешілмеген.
Ербол Тілешов, ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы:
- Үлкен бір мәселе бізде, мынау «й» мен «у»- дың жазылуында. Түрік халықтарының көбісінде «і», «ы» жоқ. Оны бір таңбамен шешіп алу керек. Мысалы, «у»-дың қатарын қарағанда, «ұ» бар, «ү» бар. Осы 3 қатар 70% халықтарда жоқ. Ахаңдардың кезінде білімпаздардың съездінен бастап, 1929 жылға дейін 1940-1957 жылға дейін осы мәселелер туындаған. Қазір де мәселе осы тұрғысынан болып отыр.