Елордалықтар Тәжікстан шекарасын қорғаған қазақ әскерінің ерлігін еске алды
Памир тауларындағы кескілескен шайқаста 17 қазақ жауынгері қаза болып, 33 ауыр жарақатпен оралған. Ал ТМД шекарасының оңтүстік шебін қорғау кезінде Раджан Батырханов ерекше ерлік көрсеткен. Кіші сержант 9 автокөлігі бар 200-ден астам қарулы содырларға қарсы шығып, берілген тапсырманы дер кезінде орындапты. Қақтығыста қаза тапқан соң оған 2 дәрежелі «Айбын» ордені берілген. Одан бөлек 12 сарбаз «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдармен марапатталған.
Әбдусағит Төлегенов, Шекара қызметі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
- Біз шекаралық міндеттерді атқардық. Соның құрамасында, «Құрама батальон» деп аталады. Қорғаныс министрлігі бұрынғы ішкі әскер, қазіргі Ұлан және қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің әскерлері болды. 1993 жылы кіріп, 2001 жылы батальондар қайтарылды. 24 батальон қызметін атқарып шықты.