Мемлекет басшысы Алматыда Жазушылар одағының төрағасын қабылдады
Президент Алматыда Жазушылар одағының төрағасын қабылдады.
Кездесуде мемлекет басшысы қазіргі оқырманды қызықтыратын туындыларды жарыққа шығару мәселесіне айрықша тоқталды. Өйткені бүгінгі уақыт талабы басқа. Оқырманның талғамы, қоғамның құндылығы өзгеріп келетіндіктен, шығармашылық ортаның жұмысы да заман талабына сай болуы керек. Әсіресе, жас ақын-жазушылардың шығармашылығына ерекше назар аудару қажет. Ал мемлекет тарапынан қаламгерлерді қолдау жалғаса бермек. Мереке Құлкенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жазушылар одағының съезінде талқыланған ұсыныстар мен ұйым жоспары жайлы баяндады. «Мәдениет туралы» заңға қазақ шығармаларын басып, кеңінен таратуға сеп болар нормалар енгізуді ұсынды.