Елімізде жыл сайын 600 балаға қатерлі ісік диагнозы қойылады
Сенатор Ақмарал Әлназарова балалардың онкологиялық ауруларын емдеудегі күрделі мәселелерді көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Айтуынша педиатрия орталықтарындағы жабдықтардың 70% тозған. Орын жетіспеушілігі тағы бар. Кейбір орталықтарда 130 төсекте бір уақытта 150 немесе одан да көп балалар жатады. Ал орын жеткіліксіз болса кезек артады, уақыт жоғалтса, сырқат асқынады. Осылай өлім дерегі көбеюі де мүмкін. Мұнда медициналық желдету жүйесінің, зарарсыздандырылған бактериялық бокстардың болмауы да алаңдатады. «Ал дәрі-дәрмектердің сапалылығы мен мемлекеттік тіркеуден өтпеуі кезек күттірмес мәселе»,-дейді Сенатор.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Өкінішке орай, барлық дәрі-дәрмектер регистрациядан өтпейді. Бір реттік кіргізу тәртібін бір емес, бірнеше рет қолдана береді. Мемлекеттік орган өз тарапынан ішкі сұранысты осындай тәртіппен жабуға үйренбеу керек. Мемлекетке келетін дәрі-дәрмектің сапасымен қауіпсізідігін қамтамасыз етуіміз керек.