Семейде жаңа жылу орталығы қашан салынады?
Семей халқы тағатсыздана күтіп жүрген жаңа жылу орталығының құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім етті. Оған дейін шаһардағы жұмыс істеп тұрған қазандықтар мен жылу жүйелерін жаңғырту қолға алынбақ. Өйткені облыс орталығындағы 76 жылу беру пунктінің 42-сінің жағдайы мәз емес. Тіпті 90% дейін тозып тұрғаны да бар. Биыл қаладағы 3 жылу беру пункті мен 27 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланып отыр. Бұған республикалық бюджеттен 3 мkрд теңге қарастырылған.
Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімі:
- Ең маңызды мәселелердің бірі - жылумен жабдықтау. Семей қаласының оң жағалауында 118 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Жылу қуатын 40 Гкал ұлғайту мақсатында «Ғаббассов» және «Орталық» қазандықтарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.