Kazakhmys Energy компаниясына айыппұл салынды
Kazakhmys Energy компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды. Тексеріс барысында облыстық прокуратура Жезқазған мен Балқаш қалаларындағы жылу электр орталықтарына иелік ететін құрылымнан 600-ге жуық заңбұзушылық анықтаған. Ірі компанияның стратегиялық нысанға жеткілікті деңгейде инвестиция салмағаны белгілі болды. Тек ағымдағы ақауларды жоюмен шектелген. Қазір Жезқазған жылу электр орталығында негізгі жабдықтар 60% тозған. Салдарынан өткен жылу маусымында бірнеше рет апаттық жағдай тіркелді.
Дәурен Ешанқұлов, облыстық прокуратураның басқарма басшысының орынбасары:
- Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актсі енгізіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 27 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлдар салынды. Бүгінгі таңда 21 млн-ға жуық айыппұлдар өндірілді, қалғаны өндірілу сатысында.