Хабар телеарнасы

Соңғы онжылдықта елімізде ағзаларды транспланттау бойынша 2314 ота жасалған

Науқастардың 1700-ден астамы бүйрек, 434-і бауыр, 88 адам жүрек ауыстырған. Трансплантацияның басым бөлігі тірі донорлардан алынады. Ал 15% шамасында мәйіттік донор қолданылады. Техникалық және кадрлық жағдай әлемдік нормаларға сай болғанымен елде донор тапшы. Былтырдың өзінде бүйрек қажеттілігінен 300-ге жуық адам қайтыс болған. Амалдың жоқтығынан кейбір науқастар шет ел асып жатады немесе ол азаматтың туыстары ағзасымен бөліседі. Ал мәйіттік донорға елдегі мәдениет пен дін рұқсат бере қоймайды. Десе де адамның өмірі бірінші орынға қойған ақхалаттылар осы бағытқа көңіл бөліну керек дейді. Айта кетейік қазіргі таңда күту парағына 3805 адам тіркелген. Олардың 100-ге жуығы бала.

Тоқан Сұлтанәлиев, ҰҒОО хирургия жөніндегі бас консультанты:
-Ол үшін заң өзгерту керек. Ол үшін елдің осы трансплантацияға көзқарасы өзгеру керек. Туыстарынан алынған органдар ең біріншіден донорға да қауіпті. Екіншіден реципентке де қауіпті.