Петропавлдағы жылу жүйесінің сапасы сын көтермейді
Шахардағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 284 шақырым болса, соның 68% әбден тозған. Салдарынан өткен қыста бірнеше апат тіркелді. Түйткілді мәселені шешу үшін қалада қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Биыл бұл мақсатқа қазынадан 4 миллиард теңге қаржы бағытталып отыр. Осылайша 11 шақырымнан астам желі жаңартылмақ. Ол үшін арнайы штаб құрылды. Ал жылу электр орталығында жаңа мұржаның құрылысы жүріп жатыр.
Әділбек Әубәкіров, қала әкімінің орынбасары:
-Осы жылы қаладағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға ел қазынасынан шамамен 4 миллиард теңгедей қаржы бөлінді. Бұл өткен жылы бөлінген қаражатпен салыстырғанда 4 есеге көп. Осының нәтижесінде «Борки», «Арман», «Солнечный» және қаланың солтүстік бөлігіндегі желілер жаңғартылады.