Семей орманы 2003 жылы 22 қаңтарда құрылған. Жалпы дерек
Семей орманы 2003 жылы 22 қаңтарда құрылған. Құрамына Беген, Бородулиха, Бөкебай, Долон, Жаңасемей, Жарма, Қанөнер және Морозов, Жаңашулбі Семей ормандары мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер біріктірілген. 2005 жылы 1610 гектар жер тұрақты орман орналастыруға берілді. Арадан үш жыл өтіп, Семейдегі Знаменка ауылдық округінің босалқы жерінен 1725 гектар жайылым енгізілген. Жалпы ауданы — 662 167 гектар. Орманның басым алқабы Долон филиалына тиесілі. Өсімдіктер флорасына келер болсақ, 61 тұқымдасының 344 түрі өседі. 354-ге жуық түрлі жануарлар мекендеген. Айта кетейік, қорық Ертіс өңірінің бірегей жалды ормандарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында құрылған.