Алматылық жас суретшілер өрттен қаза тапқандарға инсталляция арнады
Алматылық жас суретшілер Абай облысында алапат өртті сөндіру кезінде қаза тапқан орманшыларға инсталляция арнады. Арт нысан қаланың жаяу жүргіншілер жүретін көшесіне қойылды. Инсталляция 14 кірпіштен қабырға тәріздес етіп жасалған. Ол қызыл жалыннан қорғап тұрады деген мағынаны білдіреді. Оның әрқайсысына апат кезінде көз жұмған орман шаруашылығы қызметкерлерінің сұлбасы бейнеленген. Марқұмдардың суреті отпен салынған. Шығарма авторлары Паша Кас және Диана Scar бүркеншік аттарымен таныс жас суретшілер. Олар осы жұмысы арқылы жауапты тұлғаларды адам өмірін бағалауға шақырып отыр. Сондай-ақ ол Instagram желісіндегі парақшасында көпшілікті волонтерларға көмектесуді сұрап жазба қалдырған.