Абай облысындағы орман өртінің тұтанғанына 1 аптаға жуықтады
Абай облысындағы тілсіз жаумен күрес әлі тоқтаған жоқ. Орман өртінің тұтанғанына 1 аптаға жуықтады. Қазір Семей орманындағы өртті сөндіруге 1 мың 900-дей адам мен 400-ге тарта техника атсалысып жатыр. Олар 4 аумақта жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүгін таңнан бері барлығы 214 рет көлемі 600 тонна су құйылған. Ал өрт басталғалы бері бас-аяғы 6 мың тоннадан астам су төгілген.