Жыл басынан бері республика бойынша 159 324 шетелдік көлік заңдастырылды
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, оның 90 мыңға жуығы Ресейден, 25 мыңы Армениядан, 13 863 Қырғызстаннан, 2 227 Грузиядан, ал қалғаны өзге де елдерден әкелінген.
Бір ғана Ақтөбе облысында жыл басынан бері 16 мыңға жуық шетелде тіркелген көлікке қазақстандық құжат берілді. Жуырда олардың техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмірі ауыстырылады. Еске сала кетейік, өзге елден әкелінген темір тұлпарларды тіркеу, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Ең бастысы, көлік криминалдық есепте болмауы керек және бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылуы шарт.