Алматыдан гуманитарлық көмек Абай облысына жөнелтілді
Ұшақ бортында 600 келіден астам тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік бар. Тұрғындардың көмегімен жылы көрпелер, қалбырдағы дайын тағамдар мен өрт сөндірушілерге арналған құрал-жабдықтар жиналды.
Еске сала кетейік, Алматыдағы гуманитарлық жүкті қабылдайтын пункт өткен аптадан бері жұмыс істеп тұр. Жиналған жүктің алғашқы легі өрттен зардап шеккен өңірге жеткізілді. Мегаполис тұрғындары керек заттарды жинауды тоқтатқан жоқ. Гуманитарлық көмектің үшінші партиясы да ұшақпен жөнелтіледі. Жалпы алматылық волонтерлер барлығы 5 тонна азық-түлік пен қажет бұйымдарды аттандыруды жоспарлап отыр.
Бағдат Анарбаева, волонтёрлар кеңсесінің жетекшісі:
- Бізге көптеген тұрғындар, волонтерлар хабарласып, қандай көмек көрсетуге болатынын сұараған болатын. Осыған орай Семей қаласындағы азаматтармен байланыста болып, нақты қандай заттар керек екенін тізімін алғанбыз. Сол тізім бойынша Алматы қаласында гуманитарлық көмекті жинау бойынша штабты аштық. Штабтың жұмысына кәсіпкерлер, тұрғындар, волонтерлар қатысты. Заттардың бәрін тізім бойынша қабылдадық.