Бурабай курорттық аймағына 29 камера орнатылды
Бұдан былай Бурабай курорттық аймағында жоғалған адамдар мен заңсыз балық аулаған браконьерлерді смарт-жүйе арқылы анықтауға болады. Бүгінде табиғи парк аумағында қауіпсіздікті қадағалайтын 29 камера орнатылған. Жыл басынан бері осы бейнебақылау камераларының көмегімен 30-дан астам құқықбұзушылық анықталып, бір браконьер ұсталды. Сондай-ақ парк аумағында адасып қалған туристерді смарт-жүйе арқылы оңай тауып алуға болады.
Сергей Агибалов «Бурабай» МҰТП Жедел басқару орталығының операторы:
-Егер адам адасып кетсе, біздің мұнараларда байланыс қондырғылары бар. Сол арқылы ол жедел басқару орталығының операторларына хабарласа алады. Сондай-ақ біз браконьерлерді ұстауға көмектесеміз. Ал қыста көліктердің көл бетіндегі мұз үстімен жүруіне жол бермейміз.