СҚО-да 7,5 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды
Ресейдің бірнеше өңірімен шектесетін Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 7,5 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды. Оның 115-і «конструктор», яғни елімізге қосалқы бөлшек түрінде әкелінген.
Темір тұлпарды заңдастыру науқаны бірінші шілдеде аяқталатындықтан, ел бойынша мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қайрат Сейітқұлов, облыстық ПД процессингтік орталығының аға инспекторы:
- Заңдастырудың аяқталуына байланысты көлік саны көбейді. Бүгінгі таңда жұмыс уақыты да өзгертілді. Күніне шамамен 100-120 көлік өтіп жатыр. Заңбұзушылық, екі факті болған. Яғни подделка документов. Оларды біз тіркеп, қазір анықтаушы органдар іс жүргізіп жатыр.