Семей полигонының кейбір аумағы ауыл шаруашылығына пайдаланылады
Келер жылдан бастап Семей полигонының кейбір аумағы ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылады. Сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Бұрынғы полигонның жалпы ауданы 1,8 млн га асады. Ұлттық ядролық орталық мамандары жүргізген зерттеу бүгінде оның жартысы қауіпсіз екенін көрсеткен. Осыны негізге алған мамандар: «Маңайдың мәртебесін өзгертетін уақыт келд»і,- дейді. Парламент бұл бастаманы құжат түрінде бекітті. Жердің меншік иесі мемлекет болып қала береді.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
- 9 мың шаршы шақырым жерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болады. Оны қолдану құқығы жергілікті билікке беріледі. Аталмыш аумақ қазір Қарағанды, Абай мен Павлодар облыстарына қарайды.