Астанада «Журналистер аллеясы» ашылды
Елорданың 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен «Журналистер» аллеясының салтанатты ашылу рəсімі өтті. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен қала әкімі қатысты. Аллеяда баспа саласы қызметкерлерінің құрметіне арнап стелла бой көтеріп, тілші мен оператордың арнайы мүсіндері орналастырылған. Бұл жер бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің басын қосып, ортақ жетістіктерімізді атап өтетін, бұқаралық-мəдени шаралар өткізетін алаңға айналмақ.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі :
- Биыл елорданың 25 жылдығы, Астананың мерейлі белесі. Елордамыздың еңселі болуына біздің журналистер, ардагерлеріміз еселі еңбек етті. Қаламгерлер, жазушылар аллеясымен жалғасып жатқан журналистер аллеясы біздегі ұлттық баспасөздің сабақтастығын көрсетеді.