Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Қабылданған шешімге сәйкес ол тағы 1,5 айға жуық 16,75% деңгейінде сақталады. Тиісті шешім бірнеше факторларды ескере отырып қабылданған. Біріншісі — инфляция. Маусым айында ол 14,6% құрапты. Яғни тауарлар арзандауда. Бірақ бұл үрдіс тым баяу жүруде. Оған қоса жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағасының өсуі, мұнай нарығындағы белгісіздік, геосаяси ахуалда назарға алыныпты. Қазақстан экономикасының өсуіне қатыстыда деректер айтылды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында ол 4,5% құраған.
Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы:
-Мұндай шешімді қабылдаудағы мақсат — инфляцияның тұрақты төмендеуіне қол жеткізу. Базалық мөлшерлемені ұстап тұру әлі де өз нәтижесін береді. Біз Үкіметпен бірлесіп барлық қажетті шараларды қолданып жатырмыз. Базалық мөлшерлеме туралы келесі шешім осы жылдың 25 тамызында қабылданады.