Хабар телеарнасы

Шетелден келген әскери ұжымдар Астана күнін тойламақ

Тіпті көршілес Қытай 1,5 тоннадан асатын ұлттық аспаптарын арқалай келген. Себебі халықаралық әскери-музыкалық фестиваль бүгіннен басталып, үш күнге дейін жалғасады. Одан бөлек, Әзербайжан, Үндістан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония, Пәкістаннан 500-ге жуық делегация келген. Ортақ әндер мен ұлттық өнерлерін көрсетпек. Ал елімізден Президенттік оркестр, Орталық әскери және Ұлттық ұланның оркестрлері қатыспақ.

Арман Асенов, Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы:
-Ерекшеліктер, қызықтар көп болады. Керемет, жақсы іс-шара болады. 3 күн ішінде бізге өнер көрсетеді. Біз оларға көрсетеміз. Коллаборация болайын деп жатыр.

Дипак Кумар Прусти, Үндістан делегациясының жетекшісі:
-Салтанатты кеште үндінің және батыстың әуендерін, мерекелерде орындалатын әндерімізді орындаймыз. Өзімізбен ұлттық аспаптарды алып келдік. Астана күніне ұйымдастырылған шараларды көруге, қала тұрғындар мен қонақтарын шақырамыз.