Хабар телеарнасы

Астанада демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Ал жоғары білім саласындағы бұрын жекеменшікке өткен кей активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында талқыланды. Үкімет басшысы құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. Бірақ оқу процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені тексеру студенттер мен университет қызметкерлеріне де қатысты емес.