Қарағанды облысындағы табиғи өрттің негізгі алаңы сөндірілді
«Қазір Шет ауданының Талды ауылдық округіне қарасты тау жоталардың аумағында 34 гектарға жуық жердегі жалынмен айқас жүріп жатыр. Ал жалпы жанған аумақ 150 гектарға жеткен. Оның 130-і сөндірілді», — дейді мамандар. Өртті сөндіру қураған ағаш, күрделі таулы жер, ошақтардың бөлшектенуі, су көздерінің алыстығы және жолдың болмауы салдарынан қиындаған. Бұдан өзге облыста өткен тәулікте 3 дала өрті толық сөндірілген.
Жанна Дәуренбекова, облыстық ТЖД ресми өкілі:
-Қиындықтарға қарамастан, өрттің жиектері сөндірілді, ашық жану жоқ, шағын аумақтарда бықсу орын алуда. Тартылған күштер жартастар арасындағы қалың қураған жерлерді сөндіруде. Өрт сөндіруге 139 адам мен 20 бірлік техника тартылды. Сонымен қатар су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылды.