Хабар телеарнасы

Ұлытау облысындағы дала өрті оқшауланды

Екі тәуліктік арпалыстан кейін осы Ұлытау облысының Шалғия кентіндегі дала өрті оқшауланды. Құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы ақпар 26 шілде күні түскен болатын. Құтқарушылар жедел әрекет еткенімен, қызыл жалын бірден бой бермеді. Осы аралықта 2500 га аумақ өртеніп кетті. Тілсіз жауды сөндіруге 26 адам мен Төтенше жағдай департаментінің 11 техникасы жұмылдырылған.

Ләззат Төлеуғалиева, облыстық ТЖД бастығының орынбасары: 
-Аталған өртті жедел сөндіруге облысымыздың аумағындағы қатты ыстық ауа райы мен екпінді жел кері әсерін тигізді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Себептері анықталуда. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.