ШҚО тұрғындарына орманға баруға шектеу қойылды
Шығыс Қазақстан облысындағы үш елді мекен тұрғындарына орманға баруға уақытша тиым салынды.
Бұл жасыл алқаптарды жалын құшу қатерінің күшеюіне байланысты қойылған талап. Қатон-Қарағай, Самар және Күршім аудандарында қуаңшылыққа байланысты өрт қаупінің ең жоғарғы, төртінші және бесінші деңгейі жарияланған. Катонқарағай ұлттық паркі мен Үлкен Нарын орман шаруашылығында 4 бақылау бекеті орнатылды. 46 жедел топ тоғайларды торуылдап жүр. Рейд кезінде от жағып, табиғат аясында жүру ережесін өрескел бұзған 55 турист әкімшілік жауапқа тартылды. Биыл еліміздің шығысында 50 ірі орман өрті тіркелді.
Азамат Құмарбеков, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:
- Ерекше өртке қарсы режимі қолданылу кезінде орман қорында азаматтарымыздың болуына тиым салынады. Және де ашық от қолдануға, от жағуға тиым салынады. Құрғақ шөптің жануына жол бермеңіздер. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске түсіреміз.