Елімізде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жетілдіріледі
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық тауар өндірушілерді демеу тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша арнайы кеңес өткізді. Кәсіпкерлер өнімнің Қазақстаннан шыққанын растаудың жаңа тәсілдерін талқылады. Мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау үшін әуелі бірыңғай отандық өндірушілер тізімі бекітілуі тиіс. «Бұл тауардың шығу тегі туралы сенімді ақпарат беретін бірыңғай дереккөзіне айналып, адал бизнестің мүддесі үшін жұмыс істеуі керек»,— деді Премьер-министр. Бірқатар процесті автоматтандыру мен цифрландыру арқылы өз өнімдерін өзге елдерге экспорттайтын отандық компанияларға түсетін жүктеме азайтылуы мүмкін. Премьер-Министр жаңа жүйе «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық қауымдастықтармен тығыз серіктестікте әзірленуі тиістігін тапсырды.