Қарағандыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты үй сүрілуі мүмкін
Қарағандыда құрылыс компаниясының басшылығы мемлекетке тиесілі жерді заңсыз иемденіп, көпқабатты үй салмақ болған. Заңды белшесінен басқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Негізінен ол жерге саябақ салынуы тиіс еді»,- дейді жер қатынастары бөлімінің мамандары. Бұған дейін осындай олқылыққа жол берген 10 компанияның тізімі жарияланған. Сот әкімдік шағымын қанағаттандырса, салынып жатқан үйлер сүріледі.
Дәурен Шәкенов, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- Қазір аталған үйдің екінші қабаты салынып жатыр. Ал құрылыс компаниясының тиісті құжаттары мен рұқсатнамасы жоқ. Бұл қала меншігіндегі жер. Енді оны құқық қорғау органдары тексеріп, кейін сот тиісті шешім шығарады.