Жетісу облысында кәсіпкерлерден салық заңсыз алынған
Жетісу облысындағы кәсіпкерлерден 34 млн теңгеден аса салық заңсыз алынған. Кәсіп иелері мұндай жағдайға заңнамадағы өзгерісті білмеуінен тап болды. Елімізде өткен жылдың бірінші қаңтарынан бастап қоршаған ортаға аз мөлшерде зиянын тигізетін, яғни шағын қазандықтары бар кәсіпорындар салықтан босатылған.
Мемлекет жасаған жеңілдіктен бейхабар болған 90 адам төлемдерін бұрыңғыша аударып отырыпты. Қаражаттың артық жиналғаны прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде анықталды.
Ләйлім Әбілмәжінова, облыс прокурорының көмекшісі:
- Прокуратура актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге соммасында төленген салық төлемдерінің соммасын қайтарып берді. Қалған 74 кәсіпкер бойынша соммалар салықтардың басқа түрлеріне есептелді.