Қыс қыр астында. Теміртау жылусыз қалмай ма?
Қарағанды облысындағы жылу электр станцияларының қыс мезгіліне дайындығы тескерілді. Вице-премьер Роман Скляр биылға жоспарланған барлық жұмыс уақытылы аяқталуы тиіс екенін ескертті.
Алайда, жұмысшылардың жетіспеушілігі салдарынан Теміртау қаласындағы 2-жылу орталығына қарасты жаңадан салынып жатқан 7-қазандықтың жұмысы мерзімінен кешігуі мүмкін. Қалған үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Бұдан өзге Шахтинск қаласындағы жылу станциясы 75 пайызға тозған. Себебі, соңғы 10 жылда мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан биыл станциядағы үш қазандық пен екі турбина жөнделіп жатыр.
Александр Бузо, «Топар» МАЭС» ЖШС операциялық директоры:
- Бізде қазір 3-турбинаны ауыстыру бойынша модернизация басталған. Алайда, қаржы жетпеуі салдарынан жұмыс тоқтап тұр. Зауытта өндірілген электр машиналарының жабдықтарына тексеру жүргізіліп, ақаулар анықтадық. Бүгінгі таңда электр машиналары турбинасының элементтерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кері қайтарылады. Ал турбинаны айырбастау бойынша аздаған кідіріс болады.