Қарағанды. 6 бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі кейінгі уақытта күн тәртібінен түспей тұр.
Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында зардап шеккен тағы 3 бала емделіп шықты. Алайда 6 бала әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр.
Олардың денсаулығында қандай да бір өзгеріс байқалмайды. Сондықтан мамандар науқастардың хәлін «тұрақты-ауыр» деп бағалап отыр.
Еске салсақ, орталықта әу баста 14 бала уланып, біреуі қайтыс болған еді. Олардың нақты неден уланғаны күні-бүгінге дейін белгісіз. Сараптама нәтижесі 1 айдың ішінде шығуы тиіс.