Жылу маусымына дайындық қалай?
Биыл ел бойынша коммуналдық тарифтер 10%-тен 30% дейін өседі. Себебі тұрғындарды жылу, жарық, сумен қамтып отырған мекемелер шығынын жаба алмай отыр. Елдегі су мен жылу желілерінің 51% тозған.
Жылда жаңғыртуға бөлінетін қаражат та мардымсыз. Салада еңбек ететін жұмысшылардың жалақысына тіптен көңіл толмайды. Сондықтаy тарифтерді көтеру есебінен осы және өзге де мәселелерді шешу көзделген. Қазір барлық аймақта алдағы жылу маусымына әзірлік қызу жүріп жатыр.
Павлодар облысындағы коммуналдық желілердің жартысынан көбі тозған. Салдары сол, сақылдаған сары аязда облыстағы бірқатар қалалар жылусыз, тіпті сусыз қалды. Олқылықты жөндеп, желілерді жаңарту қомақты қаражат талап етеді. 5 жылда оған 3 млрд теңге бөлу көзделген.
Жөндеу жұмыстары тарифтерді көтеру есебінен жүреді. Сондықтан павлодарлықтар үшін ауызсу бағасы 96 теңгеден 177 теңгеге қымбаттауы мүмкін.
Елена Костромина, сумен қамту кәсіпорны экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы:
- Инвестициялық жоба шеңберіндегі шаралар үш топқа бөлінген. Басым бөлігі сумен қамту, кәріз жүйелерін күрделі жөндеуге қатысты. Құрал-жабдықтарды модернизациялау, арнайы техниканы жаңарту да көзделген. Стратегиялық жоспар осы жылдың басынан бері жүзеге асырылуда. Биыл инвестбағдарлама бойынша 796 млн теңге бөлінді.
Астанада жылу желілерінің 55%-тен астамының тозығы жетті. Сондықтан бірқатар аудандағы тұрғын үйлер жылу маусымына дайын емес. Ескірген желілерді жөндеу үшін инвестициялық бағдарламадан 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оған 957 км желінің 9 шақырымын жөндейді. Жұмыстар қазанға дейін аяқталуы тиіс.
Мағжан Қуанышбек, ҚР ҰЭМ ТМР комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
- Тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасы бойынша осы жылы 1 млрд 145 млн теңге бөлінді. 2,9 барлық инвестиция. Ол бізге 0,6% тозуды төмендетуге әкеп соғады.
Ал Қызылорданың жылу маусысына дайындығы ақсап тұр. 80 мың тонна көмір тапшы. Облыс орталығының бас қоймасында қара алтынның 4/1-і ғана жиналған.
Бауыржан Арын, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының м.а:
- Кезең-кезеңімен алып келеді. Жалпы осы бізге тамыз айында қосымша 165 вагон көмір алып келу жоспарланып отыр. Көмір тасымалдаушы мекемелердің айтуынша, жақын маңда орналасқан аудандар да тасымалдау жүрігізіп жатыр. Күніне 50-60 тоннадан жаздың өзінде.
Жергілікті әкімдік қойма иелерімен меморандумға келіп, көмір бағасын тұрақтандыруға келіскен. Алайда күн суытқандағы кезекті айтпағанда, жаздың соңғы күндерінің өзінде тұрғындар көмірді тонналап сатып алуда.
Авторлары: Дана Әлиева, Мұхамедәли Тілдабаев