Алматы жатақхана мәселесін талқылап жатыр
Алматы жатақхана мәселесін талқылап жатыр. Елдегі жоғары оқу орындарының көбі осында екені белгілі. Ал студенттердің барлығына бірдей орын жетпейді. Биыл қалада 22 мың орын тапшы. «Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңадан ашылатын университеттерді аймақтарда сала бастайды», -дейді Мәжіліс депутаты. Ирина Смирнова дағдарыс орталығында болып, ондағы жұмыстарды көрді. Хостелде тұратын студенттердің қауіпсіздігі басты назарда болу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар оның бағасын тұрақтандыру мәселесін айтып, бір есептен кәсіпкерлікке зиян келтірмеу керектігін жеткізді. Жалпы Алматыда қыркүйекке дейін жаңасы және қайта жаңғыртылғаны – барлығы 5 жатақхана қолданысқа беріледі. Жыл соңына дейін тағы 14 нысан салынып бітеді.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Оқу басталғанда жыл сайын осы мәселе алдымыздан шығады. Жоғары оқу орындарында жатақхана жетіспейді. Әрине, қазір министрлік барынша жұмыс істеп жатыр. Мәселен, дағдарыс орталығы мен ахуал орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда студент келіп, қайда орналасу туралы ақпарат алуында болады. Оған қоса әрбір университетте студенттік амбассадор бар. Олар да қолұшын беруге әзір. Біз де өз тарапымыздан көмектесуге, мәселені Үкіметке жеткізуге дайынбыз.