Түркістан облысында суға кеткен оныншы адамның денесі табылды
Түркістан облысының Отырар ауданында суға кеткен оныншы адамның денесі табылды. Құтқарушылар сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.
Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған болатын. Бүгінде суға батқан 11 адамның 10 табылды. Кеше тоғызыншы адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды. Қазір тілсіз жаудан аман қалған 9 жастағы қыз бала мен 8 жасар ұл аудандық ауруханада жатыр. «Дене қызуы көтерілгенімен, жағдайлары қалыпты»,- дейді дәрігерлер. Іздестіру жұмыстарына 150 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы жұмылдырылған.