Шахтадағы апатты зерттеуге халықаралық сарапшылар тартылады
«Қазақстан» шахтасында болған өрттің себеп-салдарын анықтайтын комиссия құрамына отандық мамандармен қатар халықаралық сарапшылар тартылып отыр. Олар Қарағанды кеніштерінің жай-күйімен жақсы таныс. Бұған дейін де бірнеше рет болып, түрлі апаттарды анықтауға қатысқан кәсіби мамандар. Қазір 7 комиссия құрылып, 7 түрлі сараптама тағайындалды. Сол бойынша өрттің неден тұтанғаны анықталады.
Желдеткіш, конвейер, техникалардың жұмысы, кеніш атмосферасын бақылаудың автоматты жүйесі, аудиожазбалар, өзін-өзі құтқару құрылғысы тексеріліп, куәгерлерден жауап алынбақ. Комиссия мүшелерінің айтуынша, тексеріс кезінде қосымша сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Комиссия құрылғанымен кеніштегі өрт әлі сөндірілген жоқ. Қазір гипс көпірлерін салу арқылы қызыл жалын оқшауланған. Әзірге кеніш жұмысы тоқтатылды. Ал шахтаның 600 астам жұмысшысы уақытша өзге шахталарға ауыстырылды.
Мұса Танабаев, ҚР ТЖМ Өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:
- Комиссия төрағасының шешімімен 7 подкомиссияның құрамы бекітілді. Олар қазір жұмысқа кірісті. Бұдан бөлек 7 экспертный мекеме тексеруге жұмылдырылып, олар да жұмысқа жақын арада кіріседі. Экспертный мекемелер жаңағы біздің отандық мекемелер және Германиядан бар, Ресейден бар.