АрселорМитталда жүргізілген аудиттің екінші кезеңі аяқталды
АрселлорМитталда жүргізілген экологиялық аудиттің екінші кезеңі аяқталды. Тексеру жүргізген халықаралық ұйым үшінші кезең – сараптаманы әзірлеуге көшті. Ұйым өкілдері Арселлордағы жұмысын бір апта бұрын аяқтаған еді. Бұл туралы Азия жоғары аудит органдары ұйымының экологиялық аудит жөніндегі отырысында мәлім болды. Экология вице-министрі Мансұр Өшірбаевтың айтуынша, компанияның барлық құжаттамасы мен зертханалық зерттеулердің нәтижесі тиісті талдаудан өткізіледі. Оның есебі қашан дайын болатыны әзір белгісіз. Жалпы Астанада өтіп жатқан ІХ экологиялық аудит отырысына 16 елдің жоғары аудит органдарының өкілдері қатысып жатыр. Екі күндік жиында экологиялық аудит жүргізу әдіснамасын жетілдіру мәселесі қаралады.