БҚО-да 19 көшеге асфальт төселеді
Батыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғырлау ауданынының орталығында биыл 19 көшеге 17 шақырым жол салынбақ. Нәтижесінде асфальт жолдардың үлесі 70% жетеді. Бүгінде ауылда құрылыс қызу қарқын алған. Жолдардың табаны тартылып, ресайклинг әдісімен негізгі жұмыстар атқарылыпты. Бұл мақсатқа «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 1 млрд 624 млн теңге бөлінген. Аталған бағдарламаның басты артықшылығы – жоба-сметалық құжаттар ауыл тұрғындарының бастамасымен кәсіпкерлердің қаражатына жасалатындығы.
Нұрқанат Бекберлиев, ауыл тұрғыны:
-Осындай керемет жол салып жатқанына өте ризамыз. Үйдегілер де, көршілер де жалпы аудан тұрғындары да өте риза. Бұрын осындай жолдан бейнеттер болатын еді, техника жағынан, жаяу да қатты жаңбыр кезде. Қазір міне, керемет!
Темірхан Байғалиев, Шыңғырлау аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Бүгінгі күні ресайклинг жұмыстары соңғы көше. Мәметова 134 метр қалды. Соны бітіріп, келесі жұмаға асфальт жабын төсеу бастайын деп жатыр. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды істеуге бюджеттен қаражат шықпайды.