Хабар телеарнасы

Семей ядролық полигонының жабылғанына 32 жыл толды

Бүгін – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 32 жыл толды. Ғалымдардың пайымдауынша, жарылыс жасалған аумақтар әлі де кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Өйткені сынақ болған жерлердің зардабы белгілі болғанымен, деңгейі анықталмаған. Жуырда Президент «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» туралы заңға қол қойды. Құжат бұрынғы полигон аумағында тұратын халықтың радияциялық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық мамандары 90 жылдардан бері сынақ аумағындағы су, топырақ, ауа және жан-жануар мен адамдарды зерттеп жатыр. Кешенді зерттеулерді жандандыру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі де бірнеше жобаны іске асыруға дайын. Ол үшін Семейдегі Шәкәрім универсиеті базасында ірі зерттеу орталығын құру жоспарланып отыр. 

Евгения Мұстафина, ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік және экология институты директорының орынбасары: 
- Ядролық сынақтардың дәл кіндігіне келген адам сол сәтте радиация алып жатқанын түсінбеуі мүмкін. Мына жаңадан қабылданған заң көптеген түйткілді сауалдарға жауап береді. Уланған аумақтарға толық мониторинг жасауға жол ашып отыр. Біз қазір жарылыс болған аймақтарды қоршауды бастап кеттік. Бұл учаскелерді ұлттық ұлан сарбаздары күзетеді