Конституцияны жатқа білетін атыраулық студент грант жеңіп алды
Конституция күніне орай ұйымдастырылған байқауда 250 студент бақ сынаған. Шараның алғашқы кезеңінде студенттер Ата заңға қатысты 25 сұраққа жазбаша жауап берсе, екінші кезеңге сүрінбей өткендер Конституция баптарын жатқа айтып, жарысты. Байқауға сот, прокуратура мен университет мамандары қазылық еткен. Ата Заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған байқаудың бас жүлдесін азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов жеңіп алды.
Жәңгір Темірханов, студент:
- Маған осындай қолдау көрсетіп, көңіл бөлгеніне қуаныштымын. Халел Досмұхамедовтің жастары білім-ғылымға ден қойып, әлі биік белесті бағындыратынына сенімдімін. Осындай байқаулар әлі де жалғасын тапса дейміз.