Жетісу облысында 21 азамат астан уланды
Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылында 21 адам астан уланып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. 11 жергілікті тұрғын «Инфекциялық шығу тегі анықталмаған гастроэнтерит және колит» диагнозымен Алакөл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түсті. 10 адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Науқастардың жағдайы бірқалыпты. Олардың Қабанбай ауылындағы мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойында бірге болғаны анықталды. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр. Кінәлілер анықталса, қолданыстағы заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Самат Ахметов, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қазіргі кезде Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Астың бір бөлігі мейрамханада дайындалған. Жартысы үйдің жағдайында дайындалған. Қазіргі кезде лабароториялық зерттеулер жұмысы барысында толық ақпарат қорытындысы бойынша сайтта тағы қосымша береміз.