Хабар телеарнасы

Ақтөбеде қоғамдық көлік саны артты

Жыл басынан Ақтөбенің қоғамдық көлік паркі 112 жаңа автобуспен толыққан. Желтоқсан айында дейін тағы 40 көлік сатып алынады. Өңірде қала ішіндегі жолаушылар тасымалына ерекше көңіл бөлінуде. Қызмет көрсетуші компанияларға қойылар талап күшейіп, заманауи автомобильдермен қамтамассыз ету тапсырылған.  

«Qala Trans» серіктестігіне тиесілі бұл автобустар шаһардағы 23 бағытта қызмет көрсетеді. Күнділікті 91 автобус көше аралайды. Интервал 12 минуттан аспайды. Биыл ғана зауыттан шыққан техника барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Әлібек Асаманов, «Qala Trans» ЖШС эксплуатация бастығы: 
- Камерамен толық жабдықталған. Бір автобуста 12 камера бар. Ішкі істер бөлімімен бірге қызмет жасаймыз. Көмектесеміз қолымыздан келгенше. Қылмыстар ашылып жатыр солардың арқасында.

Жалпы өңірде 4 жолаушы тасымалдаушы мекеме бар. Барлығы да көлік паркін жаңартуды қолға алған. Мәселен, бір апта бұрын 12 су жаңа автобус желіге қосылды.

Әл-Фараби Садықов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы: 
- Автопарк жыл соңына дейін тағы 40 автобус сатып алуы тиіс. Бұл мекемеге қазір көлік паркін жаңарту қажеттігі туралы хабарлама жолданды. Сонымен қатар күнделікті бағыттарға шығатын автобус санын да көбейтуі тиіс.

Қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы жақсарғанын жолаушылар да айтып отыр. Әсіресе электрондық ақы төлеу жүйесі енгізілгеннен кейін автобустар дер кезінде келіп, уақытымен қатынайтын болған.

БЛИЦ:
- Жаңа 48 келіп едік. Жақсы автобустың іші деген. Коляскамен тем более баламен болдым. Ыңғайлы. Кең. Ұнайды
- Мына картаға ауысқаннан кейін автобустар жаңара бастады ғой. Жаздыгүні кондиционер жасайды. Қыстыгүні жылы
- Көбіне осы 46 мінеміз. Жақсы. Батыста қазір 25 жүреді, 45 жүреді. Бәрі де жаман емес.

Ақтөбе қаласында күніне 280 автобус 160 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін олардың санын 300 жеткізу жоспарланып отыр.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов