Президенттік жастар кадр резервіне 10 мың үміткер қатысуға ниетті
10 мың үміткер. Президенттік жастар кадр резервінің кезекті іріктеуіне қазірдің өзінде осынша адам қатысуға ниет танытқан. Олардың қатары әлі артуы мүмкін. Талапқа сай келетін азаматтарды кеңірек қамту үшін сала мамандары жастармен кездесіп, конкурс ережелерін түсіндіріп жатыр. Сондай жиынның бірі Астанада ұйымдастырылды. Байқауда 5 жылдық еңбек өтілі мен жоғары білімі бар 35 жасқа дейінгі барлық азамат бағын сынай алады. Бұған дейінгі жылдары Президенттік жастар кадр резервіне 350 адам іріктеп алынған. Олардың 70% өз салалары бойынша қызметі өскен.
Әли Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы:
- Тура осындай кездесу бүкіл Қазақстан бойынша жүруде. 6 кезеңнен тұрады. Үш кезең онлайн түрінде өтеді. Кейінгі үш кезең офлайн түрінде Астанада өтеді. Арнайы бізде сайт бар pkrezerv.gov.kz соның ішінде егжей-тегжейлі бәрі жазылған.