11 ЖЭО қысқа дайын емес
Қанша рет ескерту жасалғанына қарамастан еліміздегі 11 жекеменшік жылу электр орталығы қысқа әлі күнге толық дайын емес. Нысандардың жай-күйімен танысқан прокурорлар осылай дейді. Олардың тексеріс қорытындысы бүгін Үкіметте қаралды. Баяндамада айтылғанындай кейбір мекемелер әлі күнге жүйелі кемшіліктерді жоймаған. Мамандардың бағалауынша, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі әбден мүмкін. Үкімет басшысы жөндеу және жаңғырту бойынша нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті.
Динара Алимова, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы:
-Оны бұзған жағдайда нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар отырыста ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды жою мәселесі талқыланды.