Талдықорғанда бірнеше күннен бері сұйытылған газ тапшы
Табиғи отынмен қозғалатын көліктер бензинмен жүруге мәжбүр. Көгілдір отын тек автогаз құю бекеттерінде ғана емес, қаладағы кейбір көпқабатты үйлерде де жоқ. Өйткені Павлодар мұнай өңдеу зауыты сұйытылған отынды дер кезінде жөнелтпеген. Жетісу облысы айына 4000 тоннадан астам көгілдір отын тұтынады. Жергілікті билік өкілдері құзырлы органдармен осы мәселеге орай шұғыл кеңес өткізді. Сұйытылған газ Павлодардан Талдықорғанға темір жол арқылы 13 күнде жеткізілмек.
Жанат Смағұлов, көлік жүргізуші:
-Міне, екі-үш күн болды қалада газ жоқ. Қайда барсаң да жоқ газ. Бес-алты жанармай бекетін аралап шықтым, газ еш жерде жоқ.
Данияр Ысқақов Жетісу облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
-Павлодар зауытынан қазіргі уақытта 61 вагон шығу керек. Оның тек қана бесеуі жолда. Павлодар зауытынан біздің облысқа жеткенше 10-13 күн уақыт алады. Бес вагонның көлемі 180 мың тоннаны құрап отыр.