Маңғыстау облысында танкшілердің мергендігі сыналды
Маңғыстау облысындағы «Оймашы» әскери полигонында танкшілердің мергендігі сыналды. Тактикалық оқу-жаттығу барысында Т-72 маркалы жауынгерлік машина экипаждары 400 және 1500 метр қашықтағы нысаналарға танк зеңбірегі мен пулеметтен оқ жаудырды. Жаттығу алдында танк батальоны сапқа тұрып, командирдің нұсқауын тыңдады. Бұйрық берілген соң әр экипаж оқ-дәрі қорын толтырып, броньды машиналарды атыс алаңына бағыттады. Әскери шара соңында үздік танкшілер марапатталды.
Дүйсенбі Сенім, танк взводының көздеуші-операторы:
- Офицерлер мен сержанттардың теорияда үйреткендерін практика жүзінде атып үйрену үстіндеміз. Осындай практикалық сабақтар сарбаздар үшін әрқашанда маңызды, себебі біз өзіміздің жауынгерлік даярлығымызды арттырамыз.