Полицияда жемқорлық дерегі азайған
Патрульдік полиция мен көші-қон қызметінде жемқорлық айтарлықтай азайды. Тәртіп сақшылары өздеріне пара ұсынғандарға рапорт жазатын болған. Осылайша ақша ұсыну туралы хабарламалар саны 6 есе, яғни 82-ден 504-ке дейін өсті. 99 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл - полиция қызметкерлерінің тексерісінің алғашқы нәтижелері. Жыл басынан ішкі істер органдарының 2 900 жуық қызметкері мен 900 аса объект тексерілді.
Әділғожа Құсайынов, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы:
- Тексерістен кейін полиция ұжымы өзінің мінезін түзеп, қызметті сапалы көрсете бастады. Жеке құрамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет күшейді. Жемқорлық деңгейі патрульдік полицияда 38%, көші-қон қызметінде 74% төмендеді.