Бірқатар нысан жылыту маусымына дайын емес
Елдегі 42 мектеп жылу маусымына дайын емес. Бұл жайында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты. Жылу маусымына дайындықты білім ордалары қыркүйекке дейін аяқтаулары шарт. 42 нысанда жұмыс әлі жүріп жатыр. Ал денсаулық сақтау саласында 62 нысанның әзірлігі кестеден кешіккен. Олардың дені Абай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде.