Өскеменде қосалқы электр станциясы салынды
Ал Өскеменде соңғы 30 жылда алғаш рет қосалқы электр станциясы салынды. Электр жарығы жиі сөнетін шаһар халқы үшін бұл көптен күткен нысан. Станция ақылды құрылғылармен жабдықталған. Егер желіде ақау болса, іле-шала келесі жүйе автоматты түрде іске қосылады. Шағын вакуумды қосқыштар, терминалдар мен трансформаторлар заманауи. Жоба құны 1,5 миллард теңгеден асады. Мекеме 5 мың абонентті және бас жоспарға сай болашақта салынуы тиіс тұрғын үйлер мен жеке нысандарды электр қуамен қамтуға қауқарлы.